Мемлекеттік қызмет істері агенттігі талдау жүргізеді
Жер қатынастары саласында көрсетілетін қызметтерге көпшіліктің көңілі толмайды. Соңғы 2 жылда 741 өтініш келіп түскен. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ауыл шаруашылығы мен экология саласындағы процестерді оңтайландыруға мүдделі.
Бұл мәселе жұмыс тобымен өткен кеңесте талқыланды. Былтыр Президент мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жарлыққа қол қойған. Содан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әлеуметтік, қаржылық және сауда бағыттары бойынша процестерге талдау жүргізді. Нәтижесінде 373 ұсыным әзірлеп, Президент әкімшілігіне жолдады.
Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Іскер адам келіп, маған осындай бағытта мал жаюға немесе өндірісін өндіру бойынша немесе жеміс-жидек егу бойынша осындай жерді маған қажет десе, бірден ол мәселені созбалыққа салынбай, бірден шешіп беру үшін шешім қабылдау керек. Сол үшін біз қазір нормативтік-құқықтық актілерді қарауымыз керек, талдауымыз керек.