Қарағанды облысының жылу беру маусымына дайындығы қалай?
Теміртау қаласындағы 2-ші жылу электр орталығы - 80%, ал 3-ші жылу орталығы 66% тозған. Бұл туралы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Биыл 2-ші жылу энергия орталығының №4-және 5 қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ №3 қазандықтың турбоагрегаттары толықтай ауыстырылады.
Еске салсақ, Президент жолдауында өңірлерді жылумен қамту мәселесіне ерекше ден қойған болатын. Алайда бірқатар нысанның жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Жұмыстар штаттық режимде жүріп жатыр. Тек Шахтинск қаласы мен 2-ші ЖЭО бойынша кестеден кешігу бар. Соған қарамастан энергостанциялар қажетті жылумен қамтамасыз ете алады. Қатты отынды жеткізу мәселесі де министрлік бекіткен кестеге сай жүргізіліп жатыр.