Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: Сот үкімі шықты
Түркістан облысында 5 жасар қызды қатыгездікпен өлтірген қасқөйге қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ 48 жастағы педофилді химиялық кастрациядан өткізу туралы шешім қабылданды. Әрі марқұмның отбасына моральдық шығын ретінде 100 млн теңге өтеуге міндеттелді.
Еске салсақ, Сарыағаш ауданындағы елді дүрліктерген жағдайға қатысты Мемлекет басшысы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған еді. Себебі тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де кісі өліміне қатысты 10 жылға сотталып, жазасын өтеп шыққаны анықталған. Сондай-ақ тағы да бір азаматтың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 3 жылға шартты түрде сотталғаны белгілі болған.
Айдос Сұлтанов, облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
- Сот үкімімен аталған тұлға қылмыстық кодекстің 99-бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 121-бабтың 4 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағыны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Нұржан Ережепов, марқұмның әкесі:
- Қалай азапталды, бұл да солай азапталуы керек. Бұдан кейін мынау Сарыағаштағы күдіктіні шығарып жіберген судя ма солар жазалануы керек. Сол кезде қамалған кезде қазір менің қызым тірі болған болар еді. Жеңіл жаза қылып условныймен шығарып жіберген.