Қызылордада бәсекелестік талаптары сақталмаған
Қызылорда облысында кәсіпкерлер сұйытылған газды тең бөлісе алмай, шағым түсірген. Мәселені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті зерделеп, бәсекелестік талаптары сақталмағанын анықталған. Салдарынан кейбір кәсіпкерлер ірі көлемдегі сұйытылған газды сатып алса, кейбірі тиісті мөлшерге де қол жеткізе алмай қалған. Осындай теңсіздік болмау үшін комиссия қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр. «Газ бөлінісі кезінде шет қалған кәсіпкерлерге 20-дан 30 тоннаға дейін отын бөлінді», — дейді құзырлы орган мамандары.
Мұрат Сейтжаппар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы
-Бұл тек қана құрылған комиссияның ережелерінде көрсетілген сыбайлас жемқорлық тетіктері. Яғни кәсіпкерлер бөлінген газдың мөлшеріне шағым жасау тәртібі бекітілмеген. Енді жаңадан қабылданған қаулыда барлық осы тетіктер жойылып, қалпына келтірілді.