Қостанай облысындағы элеваторлар тәуліктік жұмыс кестесіне көшті
Ылғалға бөккен бидайды сақтап қалудың қам-қарекеті жасалып жатыр. Оны тиісті нормаға жеткізу үшін бірнеше кезең кептіру қажет. Мамандардың айтуынша, биыл астықтың сапасы төмен. Осы күнге дейін элеваторларға келіп тұскен бидайдың 80% төртінші, бесінші сұрыпқа жатқызылған. Яғни олар ұн тартуға жарамсыз. Облыста жалпы 37 астық қабылдау бекеті бар. Қазір олар күні-түні жұмыс істеп жатыр.
Қуан Есқайыров, астық қабылау бекетінің бас директоры:
- Күніне 500 тоннадай кептіреміз, ал қазіргі таңда 12 мың влажный келіп тұр. Сол 12 мыңның жартысынан көбін кептірдік. Әрі қарай жұмыс көп. Себебі бірнеше этаптан тұрады. Бір этаптан 25-тен 14-ке дейін түсіру қиын, Сол себепті 3,4,5 этаптан кептіреміз.