Қостанай облысында 18 жол учаскесін су шайып кетті
Жітіқара мен Ресейдің Маринов елдімекені бағытындағы трасса және Арқалықтан Торғайға баратын жол жабық. Жергілікті маңыздағы жеті жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ресми мәліметке сүйенсек, облыс бойынша 213 үйді су басқан. Тасқын судың ортасында қалған ауылдарға азық-түлік, тұрмыстық заттар тікұшақпен жеткізілді. Жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмекті еріктілер тізім бойынша таратып жатыр.
Шөптібай Сарин, Аманкелді ауданының тұрғыны:
- Халқым сабырлы болса екен деп тілеймін. Өзімізді өзіміз әлгі үрейге бой алдырмауымыз керек. Ұйымшыл ниет керек. Бөлінген заттарды мынау азаматтар істеп жатыр. Соған мүмкіндік берейік. Сабырлықпен кезекпен тұрып, жасаған қайырды шүкіршілік етіп алайық.