Тамақ ауруы өршіп тұр
«Тамақтың химиялық күюі» диагнозын қайтару қажет. Өскемен қаласының экологтары мен Денсаулық сақтау басқармасының мамандары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері осындай шешімге келген.
Себебі шаһарда қолайсыз метеожағдай жиі жарияланады. Қаланы көк түтін басып, экология күрт нашарлайды. Салдарынан тамағы қызарып, қабынып, дәрігерге жүгінетіндер саны артқан. Осыған дейін бұлай ауырғандарға тек «суық тию» диагнозы қойылып келген еді. Енді бұл жағдай толық зерттеледі.
Денис Шәкенов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы:
-Қазір аталған диагноз аурулар жіктемесіне қайтарылды. Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген клиникалық хаттамасы бар. Енді біз бұл анықтама ары қарай іс жүзінде қалай қолданылады, адамдарға осындай диагноз қандай жағдайда қойылады. Соған мониторинг жүргіземіз.