Атырау облысында 2 аудан әкімін халық сайлайды
Атырау облысы бойынша Исатай және Қызылқоға аудандарының әкімдері сайланады. Саяси науқанға дайындық барысымен танысу үшін Орталық сайлау комиссиясының төрғасы Нұрлан Әбдіров мұнайлы өңірге арнайы барды.
Екі ауданда 60 мыңға жуық халық тұрады. Исатай ауданында 15, Қызылқоға ауданында 19 сайлау учаскесі дайындалды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өңір тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты және жастар арасында сауалнама жүргізілді.
Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:
- Сауалнама арқылы олардың барлығының пікірін жинап алдым. Біз үшін, Орталық сайлау комиссиясы үшін бұл өте маңызды. Ал енді бүгінгі, кешегі осы облыстағы қатысқан жастардың 100% сайлауға қатысатынына мен кәміл сенемін. Себебі олар ой тоқтатып, пікір айтқан жігіттер мен қыздар.