Салық органдары жасанды интеллект қызметін пайдалануға ниетті
Жалпы сала қызметі алдағы үш жылда толық цифрландырылуы мүмкін. Ол туралы Астанада өткен ТМД мемлекеттері салық қызметінің кеңесінде айтылды. Бұл бағыттағы жұмыс қазірден басталды. Мәселен бүгінде Е-салық қосымшасы жұмыс істеп тұр. Электронды әдіспен тіркелген кәсіпкерлер қатары 1 млн-нан асыпты. Технологиялық мүмкіндіктерді пайдалану бюджетке түсетін кіріс көлемін арттыруға да оң септігін тигізуде. Биыл 9 айда 13 млрд теңге салық жиналыпты. Мамандар енді бизнестің есеп тапсыру үрдісін автоматтандыруды қолға алмақ.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
-Қазір 2010 жылғы жүйе жұмыс істеп жатыр. Бизнестенде үлкен талаптар қойылып отыр. Салық төлеу жеңіл өтуі керек. Уплату один клик дейді. Оны үш жылда жүзеге асырсақ. Болашақта растамай тура бюджетке кететін жағдайға жетуіміз керек.