Ұлттық компаниялардың табысы ашық болуы тиіс
Ұлттық компаниялардың бюджеті жайлы ақпарат қоғам үшін ашық болуы тиіс. Мәжіліс депутаттары бюджет кодексіне осындай өзгеріс енгізбек. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, еліміздің қаржылық әл-ауқатын толық деңгейде болжау мүмкін емес. Себебі квазисектордың шығыны мен міндеттемелері есептен тыс қалады. Сондықтан заң жобасында квазимемлекеттік секторға бюджет процесіне қатысты барлық құжатты жариялау міндеті енгізілмек.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Квазимемлекеттік дегеннен кейін ол мемлекеттік. Қанша ұлттық компания болғанмен, себебі ол халықтың қазба байлығын игеріп отырған компаниялар. Содан табыс тауып отыр. Біріншіден олардың табысы ашық болу керек, көруіміз керек. Екіншіден, ол да бюджет кодексінде қаралып, біздің Парламентте солардың бүкіл қаржы айналымын біз бақылауда ұстауымыз керек деп есептеймін.