Цифрландыру жүйесі қорғаныс саласына да көптеп енгізіліп жатыр
Елімізде цифрландыру жүйесі қорғаныс саласына да көптеп енгізіліп жатыр. Мәселен, қазір Қазақстанда 16 мен 60 жас аралығындағы ер азаматтардың барлығының әскерге қатысты деректері арнайы ақпараттық порталда бар. Қорғаныс министрлігі мұндай көп елде жоқ екенін айтады. Енді салаға тың технологияны одан әрі енгізе беру міндет. Ведомство өкілдері бүгін «Диджитал бридж» IT форумында жаңа жобаларын таныстырды. Мәселен, «Геотактика» деп аталатын стартап, 3D форматта әскери техникаларды басқарып, қару-жарақтарды меңгеруді онлайн үйретеді.. Ал «Берен» жобасы дрондарды арнайы сәуленің көмегімен істен шығаруды көздейді.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
-Бізге қазір әскери саланы цифрландыруға мықтап кірісу керек. Бұдан бөлек қорғанысқа қажетті технология әзірлеп жүрген компаниялардың Қазақстанда өз өкілдіктерін ашуға жағдай жасап жатырмыз. Жалпы біздің бұл саладағы жұмыстарымызға оң баға беремін.