Премьер-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды
Бірқатар нысанды аралап, жаңа индустриалды аймақтың құрылысымен танысты. Мұнда жақын арада жиһаз жасап, шұлық шығаратын және заманауи мектеп парталарын өндіретін кәсіпорындар жайғасатын болады. Жаңа нысан алдағы қараша айында тапсырылады деп жоспарланған. Үкімет басшысы облыс әкіміне индустриалды аймаққа инвесторларды тартып, жиһаз кластерін дамытуды тапсырды. Одан кейін Әлихан Смайылов Түркістан қаласында салынып жатқан 570 орындық көпсалалы аурухананың құрылысымен танысты. Іргетасы 2019 жылы қаланған нысан 2022 жылы тапсырылуы тиіс еді. Алайда құрылыс жұмыстары 2 жылдай тоқтап қалған еді.
Бейсен Тәжібаев, облыс әкімінің орынбасары:
-Бұған бізді денсаулық сақтау министрілігі тарапынан арнайы келісімшартқа қол қойылуы керек. Қазіргі таңда осы жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір енді инвесторлардың есебінен өз қаражаттарын салып жүргізіліп келе жатыр. Келесі кезекте министрлікпен қол қойылғаннан кейін ары қарай қаржыландыру жобалары іске асатын болады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Түркістан облысында 2 млн-нан астам халық тұрады. Бірақ осындай ауруханалардың тапшылығын сезіп отырмыз. Сондықтан осындай 570 орындық көпбейінді аурухананың маңыздылығы өте зор. Сондықтан бұл жобаны ұзаққа созбай, тездетіп іске қосу керек.