Ақан Нұрмановтың туғанына биыл 90 жыл
Ақан Нұрмановтың туғанына биыл 90 жыл. Қостанай облысынан бастау алған еске алу шарасы елордада қорытындыланды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайреткерлері келді. Жазған туындыларына тоқталып, қаламгер туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Ақантанушының айтуынша, 35 жастың үшеуін жасағанда «Құланның ажалы» секілді қазақ әдебиетінде ең таңдаулы 5 жуық роман болушы еді. Дегенмен газет беттерінде жарық көрген шығармалары мен балалар әдебиетіне қосқан туындыларын бір жинаққа біріктіру жоспарда екен.
Жомарт Нұрманов, А. Нұрмановтың немере інісі:
- Үнемі ол кісі ойдың үстінде жүреді. Ол кісі табиғатпен тілдескен. Сондай ерекшелігі бар. Еңбек қорлық қой сол. Мысалы, Кейкі батыр «Құланның ажалы» деген прототип ретінде алған. Сол Кейкінің жүріп өткен жерлерінің барлығын аралаған. Жаяу аралады, мотоциклмен аралады, сол өзендермен тілдесті.