«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынды
Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін екі бірдей жылу энергия орталығы жылу маусымына дайын емес. Себебі нысандарды жөндеу мерзімінен кешіктірілген. Оның бірі Теміртау қаласының 5% қамтитын «ГРЭС-1 Bassel Group» болса, екіншісі - «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты 2-ші жылу-қуат орталығы. Мамандар нысанның төртінші қазандығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары 50 күнге, ал бесінші қазандықтағы жөндеу жұмыстары бір айға кешіккен деп отыр. Сондықтан комбинатқа 1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Ернар Хасенов, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті облыстық департаментінің басшысы:
- Қазіргі таңда жылу энерго орталығы штатты жұмыс істеп жатыр. Жылу орталықта 4 қазандық жұмыс істейді. Желтоқсанда жалпы бүкіл 6 қазандық дайын болады. Бірақ бастапқы кесте бойынша ол жұмыстар 1 қарашада аяқталуы тиіс болатын. Сондықтан мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті осы жылы күзгі-қысқы маусымға АМТ АҚ 2-ші ЖЭО-на паспортын беруден бас тартты.