Алматыда жаңа теміржолдың құрылысы басталды
Алматыда Жетіген – Қазыбек Бек бекеттерінің арасында жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Аталған транзиттік дәліз Алматы теміржол торабы, Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша қозғалысты қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асатын жоба аясында 130 шақырым теміржол желісі, 3 станса, 13 көпір, 5 теміржол және 1 автокөлік өткелі салынады. Алматы торабына жүк екі тәулікке дейін кешігіп келетінін ескерсек, бұл желі Орталық Азия, Каспий теңізі порттары мен Еуропаға өтетін қозғалыстарды жеңілдетіп, жүк транзитінің жылдамдығын арттыруы тиіс.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Жобаны іске асыру барысында Қазақстанның үлесі 85% астам болатынын ерекше атап өту керек. Құрылыс кезінде 1400 адам жұмыспен қамтылып, ал осы желі іске қосылған кезле 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.