Хабар телеарнасы

Ақтауда емдеу мекемесінің ұжымы 2 айдан бері жалақысыз отыр

300-дей медицина қызметкерінің жанайқайы ғаламторда жарияланған бойда іске прокурорлар араласты. Тексеріс жүргізіліп, жеке ұйым басшылығының 76 млн теңгеден астам жалақыны төлемегені анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына ұсыныс енгізіліп, жұмыс беруші тарапқа 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал емханада жұмыс істейтін 287 қызметкердің айлығы толық төленген.