Семейде атты полиция құрылды
Тәртіп сақшыларының айтуынша, құқықбұзушылықтың көбі саяжайларда тіркеледі. Сондықтан атты әскер взводы көлік жүре алмайтын аумақтарды, жағалаулар мен саябақтарды бақылайтын болады. Кавалерия бөлімшесін қажетті құралдармен, арнайы әбзелдермен қала әкімшілігі қамтамасыз еткен.
Қайрат Әбдіғалиев, Семей қалалық ІІБ бастығы:
- Қала әкімшілігі полиция имиджін қалыптастыруда жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. «Сергек» жүйесі орнатылған көліктерге қол жеткіздік. Патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы барлық талапқа сай келетін құралдармен қамтамасыз етілді. Айрықша белгілері бар киім мен ат әбзелдері берілді.