Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты
Осыған байланысты мәселе Үкіметте күн тәртібінен тыс қаралды. Премьер-Министр аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керегін айтты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәлімдеуінше, қызылша жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты. Дені - 5 жасқа дейінгі бала.
Еліміздің барлық өңірінде тіркелген. Жоғары деңгей Шымкент пен Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында. Дәл қазір 2 мың 400 жуық бала ем қабылдап жатыр. 30 бала жансақтау бөлімінде. 1 мыңнан астам орын резервте тұр. Ахуалды тұрақтандыру үшін қажетті жұмыстар атқарылып жатыр.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Науқастардың 65% 5 жасқа дейінгі балаларға тиесілі екенін ескере отырып, қараша айынан бастап 1 жасқа дейінгі балаларды иммундау басталды. Сондай-ақ 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды да қосымша жаппай иммундау қолға алынды. Биыл барлығы 770 мыңнан астам бала егілді.