Тұрмыстық зорлық-зомбылық: заң күшейтілді
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды бірінші рет жауапкершілікке тартқан кезде 20 күнге жабылады. Екінші рет қайталанса, 45 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Оған қоса қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Бұл туралы жоғарғы сотта өткен отбасылық мәселелерге арналған кеңес жиынында айтылды. Осы құқықбұзушылықтарды толығымен зерттеу үшін криминология саласын жандандыру қажет. Анағұрлым қатаң санкция қолданып, ескерту түріндегі жазаны алып тастау керектігі айтылды.
Әбдірашид Жүкенов, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
-Сіздер білесіздер бірінші шілдеден бастап заң өзгертілді. Ол енді ұзартылды, бірақ ол да аз деп ойлаймын. Осы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамдарға қамауды көбейту керек. Бүгін 30 күнге дейін қамауға алуға болады жалпы. Оны одан да көбейтуге болады. Одан кейін қоғамдық жұмыс дейді, соны кіргізу керек.