Қарағандыда ONAY жүйесі енгізілгелі жолаушылардың арыз-шағымы азайған
Жаңа жүйе күнделікті 35 мыңға жуық азаматтың автобуспен қатынайтынан көрсеткен. Қазір облыс тұрғындарының 95% ONAY карталарын пайдаланады.
Қарағанды облысының тасымалдаушылары биыл 195 жаңа автобус сатып алды. Оның 146 тек облыс орталығында қатынайды. Жолаушылар ыңғайлылығы үшін 2 жыл бұрын сараланаған тариф енгізілген. Жаңа жүйенің жүйелі жұмысының арқасында жергілікті атқарушы билікке нақты статистика берілді. Нәтижесінде Қарағанды қаласы мен облыс арасында қатынайтын жаңа бағыттар ашылды. Электронды билеттің арқасында жолаушылар легінің нақты саны және көлеңкелі айналыста жүрген жолақы төлемдері анықталды.
Георгий Когай, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС ҚОФ директоры:
- Бұрын күніне 12,13 мың жолаушы жүреді деп келген. Осы жүйені енгізгелі тәулік сайын жүретін жолаушылар саны 35 мыңға жуық екені белгілі болды. Диспечерлер маршруттарды онлайн режимде бақылап отырады. Мұнда үш бірдей статус болады. Автобус шықпай қалса, біздің қызмет өкілдері автопаркке хабарласып, не себеп болғанын біле алады. Жолаушылар қоғамдық көліктің қай бағытта қатынайтынын ұялы телефоннан көре алады.
Облыс бойынша 18 жасқа дейінгі жолаушылар тегін қатынайды. Өзге жолаушыларға ыңғайлы болу үшін карта немесе телефон қосымшасындағы QR-код арқылы төлем жасауға болады. Жалпы жүйенің артықшылығын қарапайым халық жоғары бағалап отыр.
- Оңаймен қолданған өте оңай болып табылады. Яғни өзіңмен бірге ылғида тиын алып жүрудің қажеті жоқ.
-Біріншіден мынада болған ұнайды маған, себебі ол жоғалмайды, соткада.
- Ақша іздемейсің. Кондукторлар жоқ. Автобус толған кезде кондукторлар жүре алмай, басынан аяғына дейін әзер жүретін. Жүйкелері тозып, ұрсатын еді. Карточкамен өте жақсы.
Жүйе арқылы қай бағыттағы маршруттарға қоғамдық көлік қажет, ал қайсысын азайтуға болатыны сараланбақ. Ал артық көліктер жаңа бағыттарды ашуға жұмылдырылады. Жалпы төлем жүйесінің автоматтандырылуы нәтижесінде автопарктерге артық субсидия төленбейді. Бұл да өз кезегінде мемлекет қаржысын үнемдеуге сеп болмақ.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар