Тарифті негізсіз көтерген «ТаразТрансЭнерго» мекемесіне ₸550 мың айыппұл салынды
Таразда жылу тарифін негізсіз көтерген «ТаразТрансЭнерго» мекемесіне 550 мың теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын басшылығы 2023 жылы қалалық магистральді жаңарту бойынша жылдық жоспар жасаған. Оны жүзеге асыру үшін жылу ақысын негізсіз көтерген. Бірақ жаңғыртылуы тиіс құбырлар ауыстырылмаған болып шықты. Соған қарамастан тұрғындардан 58,4 миллион теңге артық төлем алынған. Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мекеме басшылары жауапкершілікке тартылып, жылу тарифі 5% төмендеді.
Асылхан Тілешов, қалалық Прокуратураның бөлім бастығы:
-2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 жыл көлемінде өтемді тариф енгізіліп, халыққа жалпы соммасы 58,4 миллион теңге қайтарылады.