Алматыда онкологиялық науқастарды емдеу үшін цифрлық инновациялық жүйе орнатылды
Сандық жүйенің Орталық Азия бойынша баламасы жоқ. Ол 2019 жылы пайдалануға берілген сәулемен емдеу құрылғысына қосылған. Нақтырақ айтсақ, инновациялық құрылғы науқастың қимылына, тыныс алу жиілігіне қарап сәуленің бағытын автоматты түрде реттейді. Нәтижесінде ағзаның сау жасушалары аз зақымдалады.
Бүгінде Алматы онкологиялық орталығының сәуле терапиясы бөлімінде күн сайын 100 жуық адам ем алады. Жүйе желілік үдеткішпен біріктірілген, емшара кезінде емделушінің жағдайын анықтау және бақылау арқылы құрылғы миллиметрге дейін жоғары дәлдікпен сәулелейді.
Гүлжайна Қалдарбекова, сәулелі терапевт дәрігері:
- Сәулелік емнің дұрыс бағытын ісікке дұрыс бағыттай алады. Дұрыс бағыттау арқылы айналасында орналасқан сау тіндердің зақымданбауын қамтамасыз етеді. Жаңа орналастырылған жүйе қатерлі ісіктерде кеуденің қатерлі ісіктерінде, сүт безі ісігінде, өкпе ісігінде және бас ми ісігінде жүргізіледі.