Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен кинозал ашылды
Алматыдағы сауда орындарының бірінде кинозал ашылды. Қаланың шығыс қақпасы – Құлжа жолында ашылған орталықтағы IMAX кинозалы – көлемі бойынша Орталық Азияда ең үлкені саналады. Ол заманауи технологиялармен жабдықталған. Экранының биіктігі – 14, ені – 25 метр.
Еліміздегі алғашқы лазерлі IMAX кинозалы Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының ең үлкен жобасы. Озық технологиямен жабдықталған залға 480 көрермен сыяды.
Нақтырақ айтсақ, лазерлі проекциялық жүйе, 12 каналды дыбыс және биіктігі 14, ені 25 метрлік экран бар. Мұндай залда кино көрудің өзі бір ғанибет.
Дмитрий Ревин, Aport Mall бас директордың инвестициялар және бизнесті дамыту бойынша орынбасары:
- Бұл Орталық Азиядағы алғашқы әрі бірегей жоба. Өйткені соңғы IMAX залы 11 жыл бұрын ашылған болатын. Жаңа зал толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. 377 шаршы метрлік экран, 12 каналды дыбыс және басқа да құрылғылар әлемдегі үздік өндірушілердің өнімі.
6680 шаршы метрлік HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында IMAX кинозалынан өзге тағы 15 жайлы зал бар. Ірі жобаны Halyk Bank қаржыландырған. Кинотеатр аумағында көрермендерге арналған Tiger Coffee&Food мейрамханасы бар. Қонақтар тамақ пен сусынды онлайн сатып ала алады.
Ерлан Бұхарбаев, Kinopark & Kinoplexx Theatres PR директоры:
- Жаңа кинотеатр 16 кинозалдан тұрады. Соның бірі – 480 орындық IMAX. Мұнда голливудтық, еуропалық және отандық жаңа кинолар көрсетіледі. Сонымен қатар премьералар осы кинотеатрда өтеді.
Aport East моллының аумағы 150 мың шаршы метр. Мұнда брендік дүкендер, дәмханалар желісі, ойын алаңы бар. Kinopark-Kinoplexx компаниясы IMAX залында ресми және арнайы көрсетелімдер өткізбек. Нақтырақ айтсақ, деректі фильмдер мен сала мамандарына арналған шеберлік жұмыстар ұсынылады. Көрермендер 3D форматтағы картиналарды да тамашалай алады.
Ұлан Нарынбек, Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев