Жыл соңында жаңа аудандар құрылды
Жыл соңын Шығыстағы ағайын жақсы жаңалықпен қорытындылап жатыр. Президент қаулысымен Жаңасемей, Үлкен Нарын, Марқакөл, Мақаншы жаңа аудан мәртебесін алды. Бұған дейін Қытаймен шектескен 3 елді мекеннің халқы жаппай көшіп, тыныс-тіршілігі бәсеңдеген. Жергілікті тұрғынды алаңдатқаныбстратегиялық-саяси жағдайы болатын.
1997 жылы мамырда Марқакөл ауданы Күршім ауданының құрамына енген. Ал Мақаншы ауданы Үржар ауданының қарамағына өтсе, Үлкен Нарын ауданы Катонқарағай ауданына қараған еді. Ал Жаңасемей аудан биыл 4 рет қайта құрылды. Құрамына Семей қаласына қарасты 15 жуық кент енеді.
Бұл өңірлердегі ағайынның қуанышы тағы еселенбек. Жыл басында шекара маңындағы аумақтың әлеуетін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуын көздейтін 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын Ұлттық экономика министрлігі ұсынған еді. Жаңа ауданның қайта құрылғанын естіп, ауыл ақсақалдары құрбандық шалып, ақ жаулықтылар ақ дастархан жаюға кірісіпті.
Төлеген Жирентай, Мақаншы ауданының тұрғыны:
- Кешегі қаулыменен ауданымыз қалпына келді. Жаңа азаматтар келіп, құттықтап, Жайтөбеде тосып алды. Халықтың бәрі жұмыс жоқ, жастардың бәрі қалаға кетіп қалды. 46 мыңның үстінде халық тұратын. 15-16 мыңы қалаға, басқа аудандарға көшіп кетті. Экономикамыз, шаруа қожалығы төмендеп кетті. Халықтың тұрмысы да төмендеді. Соның барлығы Президентіміздің құлағына жетіп, бірнеше рет сұрағанбыз. Осылай ауданымызда бөлсе екен деп. Жеке аудан болғанымызды 27 жылдан бері халықымыз күтіп жатыр.