Оң жақта орналасқан көліктерді Қазақстанға бөлшектеп әкелуге тыйым салынады
Бүгіннен бастап рөлі оң жақта орналасқан көліктерді Қазақстанға бөлшектеп әкелуге тыйым салынады. Жауапты орган өкілдері бұл шектеу алдымен жол-көлік оқиғасының алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп отыр. Шектеу жарты жылға созылмақ. Былтыр шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімі аяқталған. Оның ішінде оң рульді темір тұлпарлар да бар. Айталық, осы уақытқа дейін осындай 22 мың көлік заңдастырылған. Тек Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төрт кеден бекеті арқылы соңғы екі жылда 52 автокөлік әкелінген.
Дамир Нұрғалиев, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:
-Көліктердің көбі Ресей мен Владивостоктан және Жапониядан әкелінді. Кейіннен Омбы мен Новосібірден тасымалдана басталды. Шеттен келетін осындай көліктердің басым бөлігінің рөлі оң жақта орналасқан.