Ермек Мархабаевқа қатысты сот үкімі шықты
«Алтын Орда» базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Мархабаевқа қатысты сот үкімі шықты. Былтыр кәсіпкер есірткі заттарын қолданып, тасымалдады деген күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанша қамауға алынған еді.
Бұл істі Қарасай аудандық соты 8 ай қарап, тараптардың барлық уәжін тыңдады. Ермек Мархабаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 400 мың теңге қаржы өндіріледі. Алайда бұл шешіммен кәсіпкердің жақындары келіспейді. Енді олар аппеляциялық сотқа жүгінеді.
Мәди Көшікбаев, Қарасай аудандық сотының судьясы:
- Сотталушы Мархабаев аса үлкен көлемде есірткі заттарын сақтап тасымалдаған. ҚР Қылмыстық Кодексінің 52 бабы, 2-3 тармақтары бойынша қылмыс жасаған адамға сот үкімі шығады. Үкім шығарар алдында айыпталушының кәмілеттік жасқа толмаған баласы бары ескерілді.