Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Ерлер арасында 50 метрге мылтық атуда Алматы қаласының командасы бірінші орын алды. Шымкент қаласы мен Павлодар облысының құрамалары жүлделі орындарды бөлісті. Тапаншамен 10 метрлік нысананы көздеуде Алматы қыздары жеңіс тұғырынан көрінді. Ал жылжымалы нысанада Шымкент қаласының қыздар құрамасы үздік шықты. Жүлдегерлер қатарында Алматы қаласы мен Жамбыл облысының командалары бар. Командалық ел чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік еткен мергендер де қатысып жатыр.