Түркістан облысында ерекше балалардың құқығы бұзылған
Түркістан облысында мүгедектігі бар 80 баланың құқығы өрескел бұзылған. Прокуратура қызметкерлері Кентау қаласындағы «Арнайы кәсіптік колледждге»тексеру жүргізіп, оқытушылар құрамының біліктілік деңгейінің талапқа сәйкес келмейтінін, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмағанын анықтады.
Сонымен қатар мекеме қызметкерлері студенттерге қолдану мерзімі өткен медициналық дәрі-дәрмектерді беріп, сапасыз азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз еткені әшкереленді. Аталған колледж мүгедектігі бар балаларды оңалту және білім беру үшін құрылған еліміздегі жалғыз мамандандырылған мекеме.
Болат Жұмағалиев, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
- Сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілері орын алды. Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізгізілді. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.