Әлеуметтік көмекке мұқтаж 325 отбасы анықталды
Балалар үйде аш жатқанда, көрші бөлмеде досымен арақ ішкен әке ұсталды.
Алматыда құзырлы органдар тұрмысы нашар отбасын тексеру кезінде осы жайтты анықтаған. Жеткіншектер балаларды қолдау орталығына, ал ер адам наркология орталығына жатқызылды. Жыл басынан бері осындай 325 отбасы анықталған. Енді отбасының шырқын бұзғандармен заң қатал сөйлеседі.
Мәселен, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзғандар мәжбүрлі түрде психологиялық көмек курсынан өтеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыста тараптарды татуластыруға жол берілмейді.
Бала өлтіргендер, кәмелетке толмағандарды зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Шыңғыс Алекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
- Отбасындағы жанжалдардың негізгі себептері – маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және басқа да қиындықтар. Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясатты қайта қарау жөніндегі Жол картасын іске асыруда.