Алматыдағы электр желілерінің 90% тозығы жеткен
Жергілікті әкімдік оны «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы арқылы жаңартуды көздеп отыр. Былтыр осы жоба аясында 21 шақырымға жуық электр желілері жаңарған. Наурыздан бастап Алматыда жеке тұлғалар үшін электр қуатының бағасы қазіргіден 10% өседі. Тариф 2 теңге 42 тиынға көтеріледі. Бұл шамамен 1 пәтерге 505 теңгеден айналады. Тұрмысы төмен отбасыларына тариф бойынша өтемақы төленеді. Әзірге бұл топқа кіретіндер, сегіз санатқа бөлінген. Өтініш білдірген жағдайда қымбаттаған коммуналдық төлемдерінің есебі қайтарылады. Әкімдік өкілдері тарифтен түскен қаражат, биыл да ескірген электр жүйелерін жаңалауға жұмсалады дейді.
Бауыржан Жаубасов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
-Электр энергиясына қатысты осы 1 наурыздан бастап өтемақыны 0,75 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтып отырмыз. Жылдың басынан бастап осы өтемақыны төлеу үшін 1 қаңтардан және 1 шілдеге дейін 24 жылдың 315 мың азаматқа 4,1 млрд ақша бөлініп отыр.