Қаңтар оқиғасы бойынша экс-министр Тұрғымбаевтан жауап алынды
Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына байланысты бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алды. Осындай ақпарат аталған ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
Сондай-ақ Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу және азаматтарды азаптау бойынша күш құрылымдары қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.
«Жүріп жатқан тергеу-тексеру шеңберінде бұрынғы Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды. Сондай-ақ Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинады. 2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды», – ҚР Бас прокуратурасы.