Бишімбаевтың адвокаты судьяны ауыстыруды талап етті
Бүгін Бишімбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдіріп, оны ауыстыруға өтініш білдірді. Бұған соттың қалған екі куәгерді отырысқа шақырмай-ақ, жауабын жиында жариялау туралы шешімі себеп болды. Бірақ бұл заңға қайшы емес. Сондықтан жабық жиында адвокаттың ұсынысы қанағаттандырылмағаны белгілі болды. Бүгінгі отырыста сотталушы Бақытжан Байжановтан да жауап алынды. Айтуынша, Бишімбаев Нүкенованы үнемі ұрып-соғатын. «Тіпті бұл үйреншікті жағдайға айналып кеткен. Ал Салтанат ешқашан мінез көрсетпейтін, әрдайым ашық жарқын, жайдары жүретін»,— дейді. Сондай-ақ Байжанов аталған қылмыстық іс басталғалы бері Бишімбаевтың тарапынан бірнеше мәрте қысым көргенін де ашып айтты. Келесі сот отырысы 15 сәуірде сағат 9:30-да болады.