Ел аумағында үйірлі шегіртке таралуы мүмкін
Ендігі қауіп – шегіртке. Ел аумағындағы 2,5 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке таралуы мүмкін. Әсіресе Ақтөбе, Қостанай, Түркістан облыстарында қауіп жоғары.
Ел бойынша химиялық өңдеулерді жүргізуге 405 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылады. Қоймаларда 1,16 млн гектар алаңға есептелген қажетті химиялық қоспа қоры бар.
Бірақ конкурстық рәсімдеу тек Түркістан облысында аяқталды. Өңірде марокколық шегірткеге қарсы күреске 12 техника мен тікұшақ тартылды. Әзірге 63 мың гектар жерден 400-ден аса зиянкес ошағы анықталды.
Мұхтар Әлиев, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:
- Мемлекет тарапынан 3,9 млрд резервтен қаражат бөлінді. Енді тиісті конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Пестицидтердің қоры жеткілікті.