Сенатор жалпыұлттық доктринаны қолдауға шақырды
Президент айтқан 5 кесел. Нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ысырапшылдық және вандализммен күресеміз десек, ең әуелі ұлттық болмысымызға мән берген жөн.
Сенатор Әлішер Сатыбалдиев бұған дейін Құрылтайда айтылған жалпыұлттық доктринаны қолдауға шақырды. Ол тек ұлттық идеологиямызды берік қалыптастырған жағдайда ғана, сырттан келетін ықпал мен қатігездіктен арылуға болады, деп есептейді.
Әлішер Сатыбалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бүгінгі таңда енді көріп отырмыз, геосаяси ахуал бар, еліміздің бірлігін, ынтымақты, тұрақтылықты көре алмайтын, алауыздықты туғызуға әрекет жасап отырған азаматтар бар. Солардың барлығына қарсы тұруға иммунитет пайда болуына әрекет жасауымыз керек. Сонымен бір қатарда вандализм, қоршаған ортаға кесір тигізбеу, керсінше күтіп баптау мәселелері бойынша әрбір азамат өзінің жеке позициясын қою керек. Соған тырысу керек.