Шетелде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күреседі?
Олардың тәжірибесі қандай? Осы мәселе Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқыланды.
«Зорлық-зомбылықсыз қоғам» әлеуметтік жобасының қатысушылары Австрияға барып, заңнамасымен, әлеуметтік институттардың жұмысымен танысып қайтқан. Енді ол жақтағы әйелдер қауымдастығымен серіктестік туралы келісім жасау көзделіп отыр.
Жобаның бастамашысы – қала әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы. Жақын арада жоба аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заңның нормаларын түсіндіру мақсатында бірқатар іс-шара өткізілмек.
Гүлнәр Әмірова, Әйелдер істері жөніндегі комиссияның хатшысы:
- Қабылданған заңға сәйкес қандай жұмыстар жүргізу керек? Ең бастысы – ата-аналармен жұмыс жасау керек, заңды дұрыс талқылау керек. Екіншіден, балалармен жұмыс жасау керек. Балалар дұрыс түсіну керек. Ешқандай оларды ешкім ата-анадан тартып алмайды, ешқандай зорлық-зомбылық болмайды. Жақсы нәрселер, біздің қоғам дұрыс бағыт алады деген түсіндірме жасау керек. Сол ең басты мәселемізге айналып отыр.