Хабар телеарнасы

Ел шығысында сел қаупі күшейді

Өйткені таудағы мұздықтар ери бастаған. Өлкеде 144 көл-мұздық қозғалысынан пайда болған су қоймасы мореналық көл бар. Қазір мамандар осы су көздерін назарда ұстап отыр. Себебі тау арасында түзілген бұл су қоймалары 11 елді мекенге қауіп төндіреді. Тек Риддерде осындай 30, ал Зайсанда 6 көл бар. Әзірге ондағы су деңгейі қалыпты. Дегенмен маусымдық бекет қызметкерлері, қыркүйек айына дейін оларды бақылауға алмақ. «Өйткені мореналық көлдер бөгетті жарып, бір-біріне қосылса, жолындағысын жайпап өтетін жойқын күшке ие дейді»,— мамандар.

Дидар Мергенов «ҚазселденқорғаУ» ММ Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасының бөлім басшысы:
-Маусымдық бекеттеріміз 15 маусымнан бастап міне ашылды, ол сол аудандар бойынша Қатонқарағай, Риддер қаласы, Зайсан ауданы бойынша барлығы су деңгейін жылдамдығын, судың ылғалдығының ақпараттарын үш уақыт беріп отырады. Біз әрі қарай Алматы қаласына жібереміз.