Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының жалпы ынтымақтастығы қайта талқыланды
Бүгін елордада Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының жалпы ынтымақтастығы қайта талқыланды. Жиын үшін арнайы Қытайдың Ғылым және технологиялар вице-министрі Чэнь Цзячан келді. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта агросалада бірлескен жобалар көбеюі мүмкін. Мәселен, құс және мал шаруашылығында жиі кездесетін індетті зерттеп жүрген отандық жас ғалымдар, келісім аясында Қытайда тағлымдамадан өте алады.
Өркен Әкібеков, С. Сейфуллин атындағы ҚАЗАТЗУ ветеринария және мал шаруашылығын зерттеу факультетінің деканы:
-Елімізде тұңғыш рет биологиялық қауіпсіздік деңгейінде үлкен зертхана ашылған болатын. Ол зертхананы құру бойынша, 2014 жылдан бастап келісім жүргізіліп, 2018 жылы Қытай Халық Республикасының Харбинь ветеринарлық зерттеу институтының мамандарының қолдауымен ұсынған зертхана. Осы қалыптасқан байланыс әлі де үзілген жоқ.