БАҚ пұшпағын илеп жүргендер арасында журналистік этиканы бұзғандар бар
Мұны елордада «Қазақстан Медиа Альянс» пен «Әділ сөз» қоры бірігіп ұйымдастырған жиында айтылды. Медиа мамандары жалған ақпарат таратып, хайп жинап жүргендер ақпараттың байыбына бармайтынын айтты. Расымен де, мемлекеттік мекемелердің атын жамылып, тілге, дінге қатысты жалған ақпарат таралып жатады. Кейде мұндай жөнсіз дүние ұлт арасына сызат түсіріп, араздық тудырады. Мәселен, биыл төтенше жағдайлар жарияланып, тасқын болғанда, оңтүстік астанада жер сілкінгенде жалған ақпарат жарияланғаны ел есінде. Одан бөлек, жиында жас журналистерді өндіріске бейімдеп, конвергентті болуға бағыттау керектігі талқыланды. Демек журналист мәтін жазып, оқиға орнынан әлеуметтік желіге ақпарат таратып, жылдамдықты арттыруы қажет.