Абай облысында «Таза аудан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды
Абай облысы Ақсуат ауданында «Таза аудан» экологиялық акциясы өтті. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер аудан аумағы мен көшелерді қоқыстан тазартты. Ал жергілікті тұрғындар өз ауласындағы тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарып, ағаш түптерін әктеді.
Сондай-ақ белсенділер «Абай» және «Мәңгілік ел» саябақтарын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы игі іс-шараға жүзден астам адам қатысты.
Елдар Сабырбеков, Ақсуат ауылының тұрғыны:
- Ауданымызды таза қылып ұстау – біздің міндетіміз. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, біз жастар өз ауданымызды жарқыратып, жайнау үшін жазғы демалыс уақытымызды арнап, тазалау және абаттандыру жұмысына атсалысудамыз.