Еліміздің студенттері 17 тоннадан астам пластик жинады
Еліміздің студенттері 17 тоннадан астам пластик жинады. Елордада оны қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға байқау ұйымдастырылды. Экологиялық жобаның биылғы жеңімпаздары Сәтпаев университеті мен Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері. Оларға пластмасса бұйымдарын шығаратын жабдық желісі мен қалдықты ұсақтауға арналған техника сыйға берілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар былтыр 3,5 мың тонна қалдықты жинап, кәдеге асырған. Ал 2030 жылға қарай пластик қаптаманы толығымен өзімізде өндіруді жоспарлап отыр екен.
Асқар Мирас, Satbayev University-нің студенті:
-Бұл шара бізге үлкен бастамаларды жасауға мүмкіндік береді. Болашақта одан әрі жобаны дамытсақ, түрлі үлгілерді жасап, протездеу, 3D модельдеу кезінде білім беру мақсатында пайдалануға болады. Бұл ғылыми жұмыстың дамуына үлкен серпін.