Жезқазғанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті. Өңір жаңалықтары
Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылау Жезқазған қаласында өтті. Стратегиялық маңызды нысанның әлеуеті, энергетиканы дамыту жолдары сөз болды. Мамандардың айтуынша әлемдегі 10-нан астам ел атом электр станциясының игілігін көріп отыр. Ал оның Қазақстанда салынуын ұлттық референдум шешеді.
Тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласын абаттандыру бағытында биыл 3 жоба жүзеге асырылады.
Жолдар жөнделіп, автотұрақтар мен спорт алаңдарының құрылысы басталды. Он бір ықшам ауданда әмбебап балалар ойын алаңы пайда болады. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар да салынады
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр.
Бұл жолы Сарқан ауданындағы «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің қызметкерлері, аймақ тұрғындарымен бірге Сарқан, Басқан өзендерінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ағаштардың түбін әктеп, қаулай өскен шөпті шапты.
Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза ауыл» апталығы өтті.
Бородулиха ауданының тұрғындары қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын қоқыстан тазартты. Өңірде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ маусымы басталған еді. Аудан бойынша барлығы 80-ге жуық адам жұмылдырылған. Олар өңірді абаттандырумен қатар көгалдандырумен айналысады.