Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары аяқталды
Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғариннің қатысуымен өткен орталық жедел штаб отырысында айтылды. Мамандардың мәліметінше, 271 мың гектар аумақты шегіртке жайласа, іс жүзінде 340 мың гектар жер өңделген. Қазір Түркістанда жағдай тұрақты. Ал Ақтөбе облысында - 414 мың, Қостанай облысында - 140 мың гектар жер залалсыздандырылған. Жамбыл және Қызылорда облыстарында да өңдеу жұмыстары аяқталды. Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында шегірткеге қарсы күрес жалғасып жатыр.