Хабар телеарнасы

Жетісу облысындағы саябақ қоқыстан тазартылды

«Жасыл Ел» жасақтары Жетісу облысында қызу жұмыс істеп жатыр. Олар Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалы орнатылған саябақты қоқыстан тазартты.

«Тазалық акциясы» басталғалы бері Көксу ауданына қарасты ауылдардан 6 мың тоннаға жуық күл-қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Аудан бойынша осындай 30 шақты іс-шара ұйымдастырылған

Қуаныш Ержанұлы, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Акция аясында 12300 адам жаңағы акцияға қатысты. 6 мың тоннаға жуық күл-қоқыстар шығарылды. 8 мыңға жуық ағаш егілді. 40 мың түп ағаш әктелді. Акцияға 40-тан аса техника қатысты және 90 шақырымнан аса арық жүйелері тазаланды.

Аружан Отарбаева, Алғабас ауылының тұрғыны:

- Тазалық ол иманның жартысы ғой. Біз әрдайым осы экологиялық тұрғыда өзіміздің көмегімізді тигізсек, еліміз таза әрі жарқын болады деп ойлаймын.