Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан». Сібе көлінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды

Ел шығысында «Таза Қазақстан» акциясына 400 мыңға жуық адам қатысты. 40 мың ағаш егіліп, 6 мыңға тарта су көзі тазаланды.

Табиғат жанашырлары туристік аймақтарды басты назарға алған. Мәселен, осы демалыс күндері 500 адам бірігіп, Сібе көлдерінің жағалауындағы күл-қоқысты жинады.

Сібе көлдері - Ұлан ауданында. Тау арасындағы тостағандай әдемі бес көл. Қалаға жақын болғандықтан, жаз шыға мұнда демалушылар көбейеді. «Сондықтан шығыстың інжу-маржанына айналған аймақты таза ұстау маңызды»,- дейді белсенділер. Бұл жағалаудан бір күнде 17 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Аян Қалымбек, экология бірлестігінің жетекшісі:
- Тазалықты мен жақсы көрем, таудың тазалығын, орман тазалығын.  Кейінгі ұрпаққа, кейінгі келетін адамдарға сол қалпында әдемі қалдыруымыз керек.