Қазақстандықтар Kaspi Жұма мерекесіне алғысын жаудырды
Өткен демалыс күндері еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген қазақстандық кәсіпкерлер демалыссыз, күшейтілген режимде жұмыс істеді. Өйткені 21, 22 және 23 маусым күндері Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі тағы да өтті.
Сатып алушылар үшін тиімді зат сатып алу мерекесі. Ал сатушылар үшін сауда көлемі ұлғаятын кезең.
Мөлдір Ермұханова, Euromebel компаниясының сатушы-кеңесшісі:
- Бізде Kaspi Жұмаға байланысты адамдар саны әдеттегіден көбірек болып жатыр. Өйткені көп адамдар үшін бұл тиімді. Көбірек өтіп жатқан тауарлардан жұмсақ жиһаздардың түрлері көбірек өтеді. Оның үстіне осы ауданда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер көп. Сондықтан біздің жиһаз салонымызға келетін адамдардың да саны көп. Ал Kaspi Жұма оларға таптырмас мүмкіндік болып отыр.
Әсіресе кәсіпкерлер қуанышты. Тапсырыстар Қазақстанның әр өңірінен түсуде. Бұл сату көлемі мен ауқымының ұлғайып келе жатқанын білдіреді.
Ботагөз Қасымжанова, «12 месяцев» дүкенінің сатушысы:
- Адам саны әдеттегіден де 2 есе көп. Онлайн тапсырыстар да, басқа қалалардан да тапсырыстарымыз одан да көп. Адамдардың көңіл-күйлері жақсы, барлық тауарларды сатып алып жатыр.
Сатып алушыларға еліміздің кез келген қаласынан тауарға тапсырыс беруге болатыны ыңғайлы. Және оны тікелей үйге немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізеді.
Зульфия Назарымбетова, сатып алушы:
- Бізге осы Kaspi Жұма негізі ыңғайлы. Кеше кешкісін бергем. Бүгін туған күніме келді. Өзіме сыйлығым. Бізге Kaspi Постоматтың осындай ұтымды жерлері жақсы. Жақсы, ұтымды жерлері көп. Бізге ұнайды.
Алтай Коканаев, жүргізуші-экспедитор Alser:
- Kaspi Жұманың бізге пайдасы – заказ көп болады. Бізге Kaspi Жұма өте маңызды және тиімді. Біз Kaspi Жұма басталған кезде көп заявка істеуге тырысамыз. Таңертең сағат 9-дан бастаймыз, кешкі заказға дейін апаруға тырысамыз.
Онлайн-сату дәуірінде көптеген сатып алушылар сауда орталығына мерекелік атмосфераны сезіну үшін келеді. Әрине, дүкенде өнімді көзбен көріп, таңдаған қызықты.
Даурия Өскенбаева, сатып алушы:
- Kaspi Жұманың арқасында біз үй салып жатырмыз. Енді көп халық қолданып жатыр. Қарап тұрсам, көп халықтың пікірі де жақсы Kaspi Жұмаға. Өте ыңғайлы. Мен осы елге де кеңес берем, Kaspi Жұманы алғанына. Төлем жағы да жақсы.
Осылайша бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі қазақстандықтарды қуантып келеді. Kaspi Жұма қазірдің өзінде нағыз қазақстандық экономиканың құбылысына айналды. Ол адамдарға отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, қажетті зат сатып алуға көмектеседі. Ал бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын ашады.
Ердәулет Ыбырайұлы