Хабар телеарнасы

Абай облысында көшпелі кемпинг ұйымдастырылды

Абай облысында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін көшпелі кемпинг ұйымдастырылды. Жоба аясында 100-ден аса бала қамтылды. Жалпы Абай облысы бойынша қазір 120 мектеп лагері жұмыс істеп тұр. Биыл 10 мыңнан астам бала жазғы демалысын лагерьде өткізеді. Бұған қоса 80 өлкетану жасағы құрылған. Олар аймақтың тарихи орындары мен көрікті жерлерін аралайды.

Руслан Кәрібаев, «Дарын» орталығының әдіскері:

- Жобаларды жүзеге асыру кезінде спорттық ойындар және өлкелік тарихи-танымдық жұмыстар атқарылуда. Спорттық-туризм бағыты бойынша өздеріңіз көріп тұрғандай, оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған шаралар атқарылуда.