Хабар телеарнасы

Жаз басталғалы елімізде 70 адам суға кеткен

Жаз басталғалы елімізде 70 адам суға кеткен. Оның 30-ы бала. Өткен жылдың осы кезеңінде 83 адам суда ажал құшқан, 22-сі бала еді. Шомылу маусымында қараусыз қалған балалардың өлімі жиілеп отыр. Жыл басынан бері 131 адам құтқарылған. Оның ішінде 35 бала болған. Шомылу маусымында суға кеткендердің дені рұқсат етілмеген, яғни қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған суға түскен. Елде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар. Бірақ солардың 708-інде ғана жүзу рұқсат етілген. 

Ақылбек Ахметжанов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:
-Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз. Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз. Мас күйде шомылмаңыз.