Хабар телеарнасы

3 мың адам әскери жиынға шақырылады. Өңір жаңалықтары

3 мың адам әскери жиынға шақырылады. Оған әскери есепте тұрған және денсаулығы жарамды азаматтар қатысады. 50 жасқа дейінгі қатардағы жауынгер мен сержант шақырылса, офицер үшін шекті жас 60 болып бекітілген. Әскери жиын 18 шілде күні басталып, бір айға созылады. Шақырылған азаматтар киім-кешек, тамақ және медициналық қызметпен қамтылады. Әскери жиынға шақырылғандардың жұмыс орны, лауазымы сақталады. Мемлекет есебінен орташа жалақы төленеді.

Шымкент жастары жалға алған баспаналарын жекешелендіріп беруді өтініп отыр. Себебі олар тұрғын үй кезегінен шығып қалғанын жалдау мерзімі аяқталғанда бір-ақ білген. Олар бұл мәселені Сенат депутаттарымен кездесуде көтерді. Сенатор Нұрлан Бекназаров бұл мәселені құзырлы министрліктер арқылы шешу жолдары қарастырылатынын айтты. 

Ақтауда бес елдің қарулы күштері қатысқан «Бірлестік-2024» халықаралық жедел тактикалық оқу-жаттығуы басталды. Бұл -Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді елдердің бірлескен тұңғыш әскери жаттығуы. Оның барысында қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция жүргізеді. Оған 4 мыңға жуық әскери және 700-ге тарта қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылған.