Су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады
Су шаруашылығында маман тапшы. Бұл мәселе Қызылордада Сенат депутаттарының жергілікті қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде сөз болды. Сумен қамту саласына кадр даярлау ісін де ретке келтіру мәселесі көтерілді. Бұл үшін елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті құрылатын болды. Сенаторлар шаруашылықтар арасындағы жер бөлінісіне де, қатысты проблемаларға назар аударды.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Су мамандарын даярлауды орталықтандырып, белгілі бір университеттердің базасында жаңадан қалыптастыру. Жалпы осы саладағы ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын өңірлерлік деңгейге дейін жеткізу. Өңірдегі мамандардың білімін жетілдіру мәселесі өте өзекті екенін байқап отырмыз. Су кодексін қабылдау барысында осы мәселелер бойынша жұмыс жасаймыз.