Хабар телеарнасы

Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артып келеді

Солтүстік Арал теңізіне былтырғыға қарағанда 12,5 есе көп су түскен. Қазір секундына 75 текше метрге дейін су жіберілуде. Былтыр бұл көрсеткіш секундына 6 текше метр болатын.

Су ресурстары және ирригация министрінің айтуынша, Өзбекстан және Қырғызстанмен бірлескен су жіберу кестесі бекітілген. Соған сәйкес, Сырдария өзені арқылы Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су жіберіліп жатыр.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- 1 сәуірден бастап Арал теңізіне 400 млн-нан астам су түсті. Қазір енді шаруа қожалықтарымен кездестік, шаруа қожалықтарының тарапынан айтылған ұсыныстарды тыңдадық. Жылда су көлемі осындай болса деген ұсыныс түсіп отыр.